12
ноябрь
2018
Құқық апталығы
Қараша айының 5 – 10 аралығында құқық апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білімдерін тереңдету, өз көзқарастарын білдіруге және күнделікті құқығымен қолдануға, дұрыс таңдау жасау дағдысын қалыптастыруға ықпал ету.
Апталықтың жоспары лездемеде таныстырылып, тақырыптық стендті безендірілді. 1 – 11 сыныптар аралығында «Зиянды әдеттердің қауіптілігі» атты танымдық тәрбие сағаттары өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының «Жас сақшы» тобы мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, «Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» атты үлестірмелі материалдарды таратты.
«Құқық әліппесі» викториналық сайысында 7-8 сынып оқушылары бала құқығы саласындағы заңдар, өздерінің міндеттері мен құқықтары бойынша білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, суреттер, мультфильмдер арқылы жасырылған құқықты анықтап, оның күнделікті сақталуы, орындалуы туралы пікірлерімен бөлісті. Оқушылар келесі қанатты сөздерді талдап, өз көзқарастарын білдірді.
Мектеп медбикесі, мектеп инспекторының қатысуымен «Ерте есеюге асықпа» атты қыздар арасында әңгіме жұмыстары жүргізілді.