20
ноябрь
2018
"Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ бойынша ересектер мен балалардың, жалпы қоғамның балаларға қатысты зорлық – зомбылық мәселесі, оның балаларға және қоғамға тигізетін зардабы, сондай – ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы ақпараттануын арттыру мақсатында онкүндік жоспары бекітілді. «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында 9 – 11 сынып оқушылары арасында ең үздік эссе сайысы , «Әр қашан күн сөнбесін» 2 – 6 сынып аралығында сурет байқауы өткізілді. Нәтижесі шығарылып, жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Оқушыларды «Зорлық- зомбылықсыз» өмір сүру жолын көрсету, балалық шағын қызықты да, әсем өмір сүруге баулу мақсатында сыныптар арасында әр түрлі тақырыпта сынып сағаттары өтті. Зорлық–зомбылықтың барлық көріністерін барлық әлеуметтік салаларда, балалар арасындағы және отбасында зорлық–зомбылыққа жол бермеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғазезова Назым Қайнолдақызы «Отбасымызда зорлық зомбылыққа жол жоқ!» ата – ана қауымы мен семинар тренинг ұйымдастырылды.