05
февраль
2025
«Экологиялық сауаттылық болашақ кепілі» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс өткізілді.
«Экологиялық сауаттылық болашақ кепілі» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — оқушыларды қалдықтарды қайта өңдеу, оларды жұмысқа жарату және қажетсіз табиғи заттардан жаңа, пайдалы өнімдер жасау тәсілдерімен таныстыру болды.
Жұмыстың барысында оқушылар қалдықтарды тиімді пайдалану жолдарын талқылап, оларды экологиялық тұрғыдан дұрыс өңдеу маңызды екенін практикалық жұмыс кезіндн түсінді. Әсіресе, табиғи ресурстарды үнемдеп, қоршаған ортаға зиян келтірмеудің жолдарын айта отырып , түрлі өнімдер жасады.Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жаңа заттар жасау, энергияны үнемдеу және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Бұл іс-шара экологиялық сауаттылықты арттыруға және әрбір оқушының табиғатқа деген жауапкершілігін сезінуге септігін тигізді. Сонымен қатар, оқушылар өздері жасаған қалдықтардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, экологиялық мәселелерге деген шығармашылық көзқарас қалыптастыра алды.


