28
февраль
2024
«Сыныптан тыс іс-шараны дайындау және өткізу технологиялары» тақырыбында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар
28.02.2024 жылы Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінде сыныптан тыс іс-шараларды өткізу бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында «Сыныптан тыс іс-шараны дайындау және өткізу технологиялары» тақырыбында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Байсадыкова мен 8 «а» сынып жетекшісі С.Б.Айдарханова ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» атты 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған WORKSHOP форматында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ата-аналар топтарға бөлініп, тақырыптың өзектілігін анықтап, «Отбасындағы тәрбие бастаулары» бейнеролигін тамашалап, жеке жұмыстар мен талқылау жасады. Сонымен қатар отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсінді.