19
февраль
2025
Мектебімізде заман талабына сай технологиялық үйірмелер жұмыс жасауда.
Мектебімізде заман талабына сай технологиялық үйірмелер жұмыс жасауда. Соның бірі “Мобилография” үйірмесі. Күні бүгін үйірме жетекшісі Т.С.Кулдрайханова оқушыларға сапалы видео түсіруге қажетті құрал-жабдықтармен таныстырып, дұрыс қолдана білуді үйретті. Сонымен қатар мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда Алматы қаласының Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің 1-курс студенті, Қазақстанның көптеген танымал жұлдыздарымен жұмыс жасап жүрген мобилограф Тәубәбек Арманның оқушыларға деген ыстық лебізін жеткізген видеосын көрсетті. Оқушылар бұл жолғы үйірмеден үлкен мотивация алып, әсерлі көңілде қайтты.

