17
ноябрь
2022
8 сынып оқушыларымен "Киберқауіпсіздік: сипаттамалары, себептері және салдары" тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) соңғы онжылдықтарда үлкен жетістіктерге жетті және соның салдарынан біз өмір сүріп отырған қоғам да өзгерді. АКТ адамзаттың білімі үшін және ақпарат тарату үшін көптеген пайда әкелді. Алайда, интерактивті технологиялар әлемінде кәмелетке толмағандар арасында кездесетін қудалаудың белгілі бір түрі "Кибербуллингтің" қауіпі зор екенін алып тастай алмаймыз. "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық онкүндігі аясында Кибербуллинг- әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және лездік хабарламалар қосымшалары арқылы интернеттегі психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектеп психологы Садвакасова И.Қ. 8 сынып оқушыларымен "Киберқауіпсіздік: сипаттамалары, себептері және салдары" тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.


