29
апрель
2025
🌱 "Түлектердің ағаш егу" челленджі
Мектебіміздің 11-сынып түлектері ерекше әрі игі бастама көтеріп, өз қолдарымен мектеп ауласында көшет отырғызды.
Әр егілген ағаш – болашаққа қалдырған аманат, жүректен шыққан шынайы із. Бұл қадам – туған мектепке, табиғатқа деген құрмет пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Тамыр жайған көшеттеріңіз секілді, өмір жолдарыңыз да терең, берекелі және нұрлы болсын!

