21
май
2025
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
2025 жылдың 19 мамыр күні мектебімізде 4-6 сынып оқушыларына арналып профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Жарма аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ КТІБ УПИ инспекторлары — полиция капитаны А.Ж. Аскап және полиция майоры А.Е. Кунанбаева қатысты.
Кездесу барысында төмендегі маңызды тақырыптар қарастырылды:
Судағы қауіпсіздік ережелері;
Нашақорлықтың алдын алу;
Құқық бұзушылықтың алдын алу;
Буллинг пен кибербуллингке жол бермеу;
Кәмелетке толмағандардың электр самокат, велосипед, мопедтерді пайдалануына тыйым салынуы.
Сондай-ақ, оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беріліп, олардың көкейлеріндегі сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Байсадыкова мен сынып жетекшілері қатысты.

