⚜️12 мамыр күні мектебімізде ерекше әрі қуанышты сәттердің бірі орын алды.
12 мамыр күні мектебімізде ерекше әрі қуанышты сәттердің бірі орын алды. Салтанатты түрде мектебіміздің 93 оқушысы "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды!
Бұл маңызды шарамыздың қадірлі қонақтары – ардагер ұстаз, спорт шебері Күсет Қоңыртайұлы және қамқоршылық кеңес мүшесі Айнұр Дәулетқазыевна келіп, жас ұрпаққа жүрекжарды тілектерін білдірді.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш жастардың қолында!
Балаларымыздың жүрегіне отансүйгіштік рух ұялатқан бұл күн – үлкен бір жауапкершіліктің бастауы!