06
апрель
2023
"Ғажайып әлем" психологиялық апталығының аясында, Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында мектебіміздің жас ұстаздарымен "Біз біргеміз!" атты флеш-моб және тимбилдинг ұйымдастырылды.
"Ғажайып әлем" психологиялық апталығының аясында, Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында мектебіміздің жас ұстаздарымен "Біз біргеміз!" атты флеш-моб және тимбилдинг ұйымдастырылды. Үш топқа бөлінген ұстаздар, сайыстың ережесі бойынша, "Әншілер"-ән айтып, "Бишілер"-би билеп, "Ақындар"-бір шумақ өлең құрастырып, өздерінің ұрандарын сол сәтте дайындады. Сайыс барысы "Құбыр", "Кішкентай доп", "Қызықты есептер", "Шеңбердегі шар" сынды ойындардан тұрды. Әр ойынға қызығушылықпен қатысып, әрдайым жауапкершілік таныта білетін, апталықтың сәнін келтірген мектебіміздің ұстаздарына алғысымыз шексіз! 






