Оқушыларға » Страница 2 » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-10 сынып оқушылары арасында  “Туризм географиясы”  үйірмесінің жоспарына сәкес “Әлем кереметтері” атты тақырыпта зияткерлік ойын өткізілді.
19
апрель
2024
9-10 сынып оқушылары арасында “Туризм географиясы” үйірмесінің
Мектебімізде 9-10 сынып оқушылары арасында  “Туризм географиясы”  үйірмесінің жоспарына сәкес “Әлем кереметтері” атты тақырыпта зияткерлік ойын өткізілді. Ойын мақсаты: оқушыларға әлемнің қызықты, көрікті жерлерін көрсету, таныстыру.  3 командадан құралған сайыс “Материкке шолу”, “Ең, ең, ең” және “Ел-тап” кезеңдерінен тұрды. Оқушылар ойын барысында тапқырлық танытып, жақсы нәтиже көрсетті. Аталмыш ойында 9 “Ә” сынып оқушыларынан құралған “Азимут” тобы жеңіске жетті
5 «Ә» сынып оқушыларына «Funny English»-«Көңілді ағылшын» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
19
апрель
2024
5 «Ә» сынып оқушыларына «Funny English»-«Көңілді ағылшын»
  Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу,  логикалық ойлауды, тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында 5 «Ә» сынып оқушыларына «Funny English»-«Көңілді ағылшын» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.  Интеллектуалдық ойын 5 кезеңнен тұрды:  1.«A Magic 5» ойыны Оқушылар мұғалім нұсқауымен қойылған сұрақтарға 5 түрлі жауап айтты.  2.«Make up words» ойыны Оқушылар мұғалім берген сөздерден бірнеше сөз құрады. 3.«Riddle» ойыны Оқушылар жұмбақ шешті. 
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.
17
апрель
2024
"Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының
2024 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында өткен  республикалық "Менің Отаныма- менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ғабасова Ажар "Менің ашық университеттерім" бағамы бойынша қатысып,  І орынға ие болды.  Облысқа жолдама алған оқушымызды құттықтап, сәттілік тілейміз!  Жетекшісі Муратова Айнара Мирланқызы.
6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды
12
апрель
2024
6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды
Грек-рим күресінен 2012-2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы КСРО спорт шебері Думанбек Данабаевтың ІІ-ші облыстық турнирінде 32 келі салмақ дәрежесінде мектебіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Ерболов Нұрсәулет облыс чемпионы атанды Нұрсәулетті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
11 сәуір күні мектебіміздің 3 "ә" сынып оқушылары үшін құтқарушыларға деген қызығушылықтарын тудыру, өрт қауіпсіздігін сақтау және отпен ойнамау мақсатында Жарма ауданы 14 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды
12
апрель
2024
11 сәуір күні мектебіміздің 3 "ә" сынып оқушылары үшін құтқарушыларға
11 сәуір күні мектебіміздің 3 "ә" сынып оқушылары үшін құтқарушыларға деген қызығушылықтарын тудыру, өрт қауіпсіздігін сақтау және отпен ойнамау мақсатында Жарма ауданы 14 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға өрт сөндірушілердің жұмыс барысы туралы айтып, өз жұмысында қолданылатын мамандандырылған техниканы көрсетті. Өрт сөндіруші мамандығымен таныстыра отырып, қызықты және танымдық әңгіме өткізді.
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір  күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында мектебіміздің 5—11 сынып қыздарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары өткізілді.
12
апрель
2024
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында
2024 жылдың 10 сәуір-11 сәуір  күндері «Бұрымды қыз» жобасы аясында мектебіміздің 5—11 сынып қыздарына ақпараттық - түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп,   қатысушылар өздерінің ой - пікірлерін білдірді.
Мамандық таңдауға Жарма АПБ қызметкерлерінің жұмысымен танысу үшін жоспарға сәйкес 10 "А" сынып оқушылары  экскурсия жасады.
10
апрель
2024
Мамандық таңдауға Жарма АПБ қызметкерлерінің жұмысымен танысу үшін
Мамандық таңдауға Жарма АПБ қызметкерлерінің жұмысымен танысу үшін жоспарға сәйкес 10 "А" сынып оқушылары  экскурсия жасады. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандықтың адам өміріндегі маңызды таңдау екендігін үйрету. Оқушылар Жарма АПБ қызметкерлерімен кездесіп,  қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды. Кездесу өте қызықты және танымды өтті.
9-11 сынып оқушыларына қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе ислам дінінің бағыттары мен «жат ағымнан сақтану» тақырыбына ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
05
апрель
2024
9-11 сынып оқушыларына қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе ислам дінінің
Бүгін мектебімізде Абай облысы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері: Абай   облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ботаханов Мақсат Дюсембекұлы , психолог Маар София Александровна, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының маманы Кусенбекова Асель Муратбекқызы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абрахманов Ербол Тұрсынханұлының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе ислам дінінің бағыттары мен «жат ағымнан сақтану» тақырыбына ақпараттық-
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды.
05
апрель
2024
«Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңінен даярлық сынып
2024 жылдың 3 сәуірінде мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды топтар мен сыныптарының тәрбиеленушілері арасында республикалық сурет салу «Ғарышкерлер күні» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың  қорытындысы бойынша мектебіміздің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Акаева Амина ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Канафиева А.Н. Құттықтаймыз!