19
апрель
2024
5 «Ә» сынып оқушыларына «Funny English»-«Көңілді ағылшын» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу, логикалық ойлауды, тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында 5 «Ә» сынып оқушыларына «Funny English»-«Көңілді ағылшын» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Интеллектуалдық ойын 5 кезеңнен тұрды:
1.«A Magic 5» ойыны
Оқушылар мұғалім нұсқауымен қойылған сұрақтарға 5 түрлі жауап айтты.
2.«Make up words» ойыны
Оқушылар мұғалім берген сөздерден бірнеше сөз құрады.
3.«Riddle» ойыны
Оқушылар жұмбақ шешті.
4.«How many?» ойыны
Оқушылар берілген суреттерден әртүрлі жеміс түрлерінің қанша екенін тапты.
5.«How many people in this family?»
Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі отбасыда қанша адам екенін тапты.
Аталған сайысқа 5 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

