19
сентябрь
2023
«Fanny English» атты зияткерлік сайысын өткізді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай 1-11- сыныптар арасында "Тіл - бұлбұл, сөз - бұлақ" атты қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдер бірлестігінің онкүндігінің жоспары аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.Р.Оспанбекова мен М.Д. Сембинова 6 «А» сыныбында «Fanny English» атты зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. «Alphabet», «Odd Word», «Sand glass» кезеңдерінде оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін дамытатын тапсырмалар берілді. Ал «Secret letter», «5 Themes», «Sport» «Shcool» «Animals» кезеңінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға арналған қызықты тапсырмалар берілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өздерінің пәнге деген қызығушылықтарын білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.







