26
февраль
2024
«Үздік сынып жетекші-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі
2024 жылдың 26 ақпанында Георгиевка орта мектебінде «Үздік сынып жетекші-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты: жалпы білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілерінің шығармашылық ой-өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, сыныптық ұжымның ата-аналарымен белсенділік жұмыстарын шыңдау, жалпы сынып жетекшісінің қәсіби құзыреттілігін арттыру.
Байқауға жалпы білім беру мекемелерінен 31 сынып жетекші қатысты.
Байқау 3 кезең бойынша өткізілді:
1. «Мен -сынып жетекшісімін» (өзін-өзі таныстыру)
2. «Үлттық мүдде, ар-ұят, талап» (Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сыныптан тыс іс-шара үзіндісін бейнеролик арқылы қорғау)
3. «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» (педагогикалық ситуациялық сұрақтарға жауап)
Байқауға мектебіміздің атынан 9 "а" сынып жетекшісі, әрі ағылшын тілі пәні мұғалімі Оспанбекова Маржан Рависовна қатысып, бағын сынады. М.Р. Оспанбекова әр кезеңге жоғары деңгейде, тыңғылықты дайындалғандығын көрсетіп, өз өнері мен кәсіби біліктілігін ортаға салып, бөлісті. Сайыс нәтижесінде қазылар алқасы озып шыққан сайыскерлерді жүлделі орындармен марапаттады. Әріптесіміз М.Р. Оспанбековаға еңбегіне шығармашылық табыстар тілейміз.

