«Махамбет оқулары»
Махамбет - өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған ақын. «Махамбет оқулары» жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осы жылы да 17 сәуір күні Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназияда «Махамбет оқуларының» аймақтық кезеңі болып өтті. Бұл кезеңде 5 мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың аймақтық кезеңі үш бағыттан тұрды. Осы бағыттар бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Ел құтқарар ер едім» бағыты бойынша «Бас жүлдені» Абай атындағы мектеп – гимназияның 5 – сынып оқушысы Нұртөлеу Ақтоты, І орынды Васильковка негізгі мектебінің 5 – сынып оқушысы Сайақат Бота, ІІ орынды Шәкенов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Еркінбекұлы Еркебұлан иеленсе;
«Ұлы арман» бағыты бойынша «Бас жүлдені» Гергиевка орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бөкебаева Асылжан, І орынды Маяковский орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айтқұрман Дильназ, ІІ орынды Васильковка негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Дүйсен Шұғыла иеленді;
«Тартынбай сөйлер асылым...» бағыты бойынша «Бас жүлдені» Васильковка негізгі мсктебінің 9 –сынып оқушысы Сейітбек Күләш, І орынды Маяковский орта мектебінің 8- сынып оқушысы Джаканова Жанель, ІІ орынды Шәкенов орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қайрат Есентай иеленді.