19
январь
2024
"Рақмет саған, Әліппе!" атты әліппемен қоштасу мерекесі өтті.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Осы орайда 18 қаңтар күні мектебімізде 1«а» сынып (сынып жетекшісі Идришева Б.К.), 1«ә» сынып (сынып жетекшісі Садуакасова Ш.Т.) оқушылары үшін қуанышты күн-"Рақмет саған, Әліппе!" атты әліппемен қоштасу мерекесі өтті. Мақсаты: білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, білімдерін ортаға салу.Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Міне, бүгін біздің 1-сынып оқушыларымыз да барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отыр. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргіміз келеді.







