9 сынып бітіруші түлектеріміз үшін "Жаңа белеске жет!" атты салтанатты жиын өткізілді » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 сынып бітіруші түлектеріміз үшін "Жаңа белеске жет!" атты салтанатты жиын өткізілді
10
июнь
2022

9 сынып бітіруші түлектеріміз үшін "Жаңа белеске жет!" атты салтанатты жиын өткізілді

Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.  Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім. 2021 - 2022 оқу жылында  43 оқушы негізгі мектепті аяқтап, 10 маусым күні  9 сынып бітіруші түлектеріміз  үшін "Жаңа белеске жет!" атты  салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиын "Айкөркем" тобының орындауындағы әсем әнмен басталды. Алғашқы құттықтау сөз кезегінде  мектеп директоры Алма Секеновна негізгі мектепті бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, аттестаттарын табыстады.  
Өнерлі оқушы қашанда биік шыңдарға шығатыны сөзсіз. Мектептегі шәкірттік уақыттарында мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептен тыс жерлерде де, аудандық, облыстық, тіптен халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, мектеп намысын қорғаған, биыл негізгі мектебін бітіріп жатқан оқушылардың ата-аналары "Алғыс хатпен" марапатталды. Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген Мухатова М. ұстаздар қауымына өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңе толымды табыс тіледі. Мектеп  ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін «Үздік куәлік» иесі атанып отырған Жанахмет Мадина, Мәдікен Диана, Нұрлан Ынкар, Сейтжанұлы Мерейбек, Тұрсағұл Нұрайды мақтан етеді. Қолдарыңызға алған куәліктеріңіз құтты болсын, түлектер!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив