

1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, оқушылар арасында ұлтаралық татулық пен тұрақтылық, қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық туралы түсініктерді талдау, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында 11 «А» сынып жетекшісі Ерболат Нурсауле «Бірлік пен ынтымағы жарасқан халық» тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында тақырыпқа арнайы дайындалған таныстырылым мен қатар бейнематериалдар көрсетіліп, оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиеледі.