19
февраль
2019
"Ауғанның отты жалыны" әскери - патриоттық ән байқауы
«Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ – сінде 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жыл толуына орай мектебімізде «Ауғанның отты жалыны» атты әскери – патриоттық ән байқауы болып өтті. Байқауға 5 – 11 сыныптардан 1 оқушыдан қатысты. Байқау Ауған соғысында қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Әр қатысушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Әнді орындауы, актерлік шеберлігі, сахна мәдениетімен ерекше көзге түскен 9 А,Ә сынып оқушылары Еркін Аяна мен Ниязбек Ернат І орын, 7 Ә сынып оқушысы Шалабаева Аймарал ІІ орын, 11 А сынып оқушысы Жансерік Самғар ІІ орын, 10 А сынып оқушысы Ауесбеков Жан ІІІ орын, 11 Ә сынып оқушылары Қайыртаев Дарын мен Тоқтамысов Бекзат ІІІ орын иеленді.Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
[center]







