25
январь
2019
«Ашығын айтайық...» бағдарламасы негізінде «Ерке жүктіліктің ертеңі қандай ?» тақырыбындағы кездесу
2019 жылдың 24 қаңтар күні «Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы» КММ – сінде оқушы қыздар мен оның аналарының қатысуымен «Ашығын айтайық...» бағдарламасы негізінде «Ерке жүктіліктің ертеңі қандай ?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл – кеңестер беру болды. Кездесу аудандық ауруханадан аурудың алдын алу және психологиялық кабинетінің дәрігері Анель Максутовна мен жасөспірімдер дәрігері Диана Сериковна, мектеп инспекторы Ракишева Эльвира, білім бөлімінің әдіскері Уалиева Гаухар Жанатқызының қатысуымен өткізілді. Оқушылар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, мағыналы жауаптарын алды. Әр түрлі бейнероликтер көрсетіліп, кездесу жоғарғы деңгейде өтті.
[/center]