06
февраль
2018
"Екі жұлдыз" байқауы
Ақпан айының 6 – шы жұлдызында мектебіміздің музыкалық жетекшісі Кокашева Гүлдананың ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. Байқауға 5 – 11 сыныптардың оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша әр сыныптан 1 ән, 1 би орындалуы керек болды. Нәтижесінде әділ қазы алқалары әділ шешімін шығарып, бас жүлдені 11 сынып оқушылары иеленді. «Екі жұлдыз» байқауы жоғарғы деңгейде өтіп, көрермендер көңілінен шықты.
