Қазақ тілінен Жаңартылған бағдарлама бойынша курс
«Өрлеу» БАҰО» АҚ республикамыздың педагог кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді.
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес қазақ мектептерінде Қазақ тілі пәнінен «Жаңартылған бағдарлама» бойынша бір айлық курс басталды.
Курс тренері – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру басшылары және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Распубликалық Институтының «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедарасының аға оқытушысы, педагогика-психология магистрі, Қуандық Альбина Қуандыққызы.
Курсқа Жарма ауданының білім мекемелерінен 32 қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысуда. Қатысушыларға курс соңында біліктілікті арттыру бойынша сертификаттар табысталатын болады.