12
февраль
2021
"Мейірімділер мен сыпайылар еліне саяхат" тақырыбында адалдық сағаты
Мектепшілік жоспарға сай 10 ақпан күні 4 "а" сыныбымен кітапханашы
Бабланова Алма Советкановна "Мейірімділер мен сыпайылар еліне саяхат" тақырыбында адалдық сағатын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты:
Оқушыларды сыпайылыққа,үлкенді сыйлауға,тәрбиелі, сыпайы болып өсуіне ат салысу.
Саяхат 3 бөлімнен тұрды:
1)Сыпайы сөздер ағашын құрау;
Бұнда оқушылар өздері білетін сыпайы сөздерден,сыпайы сөздер ағашын құрады.
2)Дана сөздер қазынасы деп аталды;
Мақал-мәтел халық даналығы, тіл байлығының алтын қазынасы.Мақалды жалғастыру.
3)Не деу керек?!,не жасамау керек?! - деп аталды.
Оқушыларға не нәрсенің дұрыс,ненің бұрыс екендігі туралы мәлімет берілді.