12
апрель
2025
«Ғарыш әлеміне саяхат» атты шығармашылық іс-шара
«Ғарыш әлеміне саяхат» атты шығармашылық іс-шара
2025 жылдың 11 сәуір күні мектебімізде 12 Сәуір – Халықаралық ғарыш күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс танымдық-шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн — адам баласының тұңғыш рет ғарышқа сапар шеккенін еске алатын маңызды мереке.
Бастауыш сынып оқушылары мен даярлық топтың балалары ғарыш тақырыбында өз қиялдарын ортаға салып, түрлі суреттер салып, қолөнер бұйымдарын жасады. Балалар ғарыш кеңістігін, зымырандар мен планеталарды өз көзқарастары бойынша бейнеледі. Бұл іс-шара олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылым мен техникаға деген қызығушылықтарын арттырды.
Шара барысында балалар командалық жұмыс жасап, бір-бірімен ой бөлісіп, өз жұмыстарын таныстырып, ғарышкерлерге деген құрметтерін білдірді.

