16
апрель
2023
Назарбаев университеті кітапханасында өткен Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өтті
2023 жылдың 14 сәуір күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Сарсембекова және 5 сынып оқушылары Даулетқазы Диас, Ернұрқызы Малика, 8 сынып оқушысы Таңатқан Айғаным Астана қаласы Назарбаев университеті кітапханасында өткен Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шараға қатысты. Аталған іс-шарада қатысушылар университет ішінде экскурсия жасап, «Бату мен достарының жұлдыздар елі Айдалаға саяхаты» кітабының авторымен кездесіп, авторға кітап бойынша сұрақтар қойып, сурет бойынша әңгіме құрастырды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.






