Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
05
апрель
2024

Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы орайда бүгін  мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібінде 3 тоқсан қорытындысы, мектеп формасы, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы айтылып, әр түрлі мәселелер қаралды. Мектеп әкімшілігі мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе ата –аналарға мектептің жарғысында бекітілген мектеп формасын сақтауға міндетті екендігі, мектеп мүлкіне зақым келтірген оқушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін оқушының ата-анасы  қалпына келтіруге міндетті екендігі, ата - ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оларды оқу құралдарымен жабдықтауға, ата – аналар жиналысына қатысуға, мектепте өткізілетін  іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан   тікелей қолдау көрсету керектігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелмеу, қолданбау туралы ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әрбір ата-ана осы айтылған ережелерді бұлжытпай орындау керектігі туралы сөз қозғады.  Мектептен тыс  уақытта да  баланың ұялы телефонды қолданған  кезінде интернет желілеріндегі қандай ақпараттармен шұғылданып отырғандығын білу керектігін басты назарда ұстауды ұйғарды. Сондай-ақ Наурыз мерекесін атап өтуде ат салысқан ата-аналар мен әжелерге мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдірді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив