13
январь
2024
Жаңа форматтағы ата-аналардың сынып жетекшілермен жиналысы
Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап білім беру, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы орайда 13.01.2024 жылы мектебімізде ата-аналардың сынып жетекшілермен жиналысы болып өтті. Жиналыс жаңа форматта өткізілді. Күн тәртібінде II тоқсан қорытындысы айтылып, ата-аналармен тренигтер жүргізіліп, әр түрлі мәселелер қаралды. Жиналыстан соң ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында педагогикалық-психологиялық консилиум өткізілді. Консилиумға келген ата-аналар пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігімен кездесіп көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Балаларының оқу үлгерімін біліп, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген жадынамалармен танысты. Ата-аналар өз тараптарынан өткізілген жаңа форматтағы іс-шараның мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда, бала тәрбиесінде маңызы зор, екі жақты байланысты нығайтуға қосар үлесі мол екендігін атап өтіп, мектеп ұжымына алғыстарын жаудырды. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табары сөзсіз. Қатысқан барлық ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс білдіреміз!







































