19
январь
2024
11 сынып оқушылары мен ата - аналарына жиналыс ұйымдастырылды.
2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ-дағы өзгерістер, қорытынды аттестаттаудың мерзімі туралы ақпарат беру мақсатында мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен ата - аналарына жиналыс ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия директоры А.С.Матанова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, оқушылардың дайындықтарына сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ.Ғазезова ата-аналар мен оқушыларға ҰБТ-дағы өзгерістер туралы тың ақпараттар беріп, бүгінгі күнге дейінгі алған нәтижелері мен қорытынды аттестаттаудың мерзімдерімен таныстырды.
Мектеп психологы М.Ж.Жолғазинова оқушылардың мамандық таңдаудағы сенімділіктері мен емтиханға дайындық барысында оқушыларға психологиялық тұрғыда қолдау көрсету туралы айтып, жадынама таратты. Сонымен қатар, мектеп, ата-ана, оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін одан әрі нығайту мақсатында Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан "ДосболLIKE: достық қолын ұсын" акциясы аясында ойын ұйымдастырды. Ата-аналар балаларына деген ыстық ықыластары мен сенімділіктерін білдіріп, естелік суреттерге түсті.




