15
март
2024
"Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат" чемпионатына 10- сынып оқушысы Ғабасова Ажар қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды
14 наурызда М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін орта мектептің 9-10- сынып оқушылары арасында Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай "Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби әлеміне саяхат" чемпионаты өтті. Чемпионат ІІІ кезеңнен тұрды. І кезең "Ж.Аймауытовтың прозалары" жазушының прозалық шығармаларын жатқа оқып, онлайн форматта видео материалдары жіберілді. ІІ кезең онлайн форматта "Ж.Аймауытовтың шығармаларындағы аударма құндылықтары" жазушының аударма шығармаларын жатқа оқып, онлайн форматта видео материалдары жіберілді. Осы ІІ кезеңнен өткен оқушы офлайн форматта өтетін чемпионатқа қатысады. ІІ кезеңнен жақсы нәтиже көрсетіп, ІІІ кезеңге мектебіміздің 10- сынып оқушысы Ғабасова Ажар қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл сайысқа барлығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Студенттердің ішінен топ жарып, жақсы нәтиже көрсете білген Ажарды және жетекші Имангалиева Меруерт Сайлауовнаны жеңісімен құттықтаймыз!

