15
март
2023
2023 жылдың 15 –наурызында республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелер оқушылары арасында 2023 жылдың 15 –наурызында республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Мақсаты:
Мектеп оқушылары арасында абыз жазушы Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз сөйлеу мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеті:
Дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі орындалуын жолға қою.
Байқау 4 бағытта өткізілді.
Жарма ауданынан байқаудың облыстық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып,
І бағыт үй тапсырмасы Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу Мусабалина Малика, І орын, жетекшісі– Есмуханбетова Жанар Сактагановна көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
Ә. Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу Ғаббасова Ажар , І орын, жетекшісі- Имангалиева Меруерт Сайлауовна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым ІІІ орын, жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері;
Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы, сертификат Кайсанова Карина, жетекшісі Рахимжанова Шынар Турсыновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Жүлделі І орын алған мектебіміздің мақтаныштары республикалық байқауға жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!
Республикалық байқауда сәттілік тілейміз!

