08
март
2024
8 «б» сынып оқушылары Фазымова Меңсұлу мен Зейнуллаева Шұғыла белсене қатысқандары үшін 20000 теңгенің сертификатымен марапатталды
Абай облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын орталығы» Абай атындағы РММИ республикалық «Ділмар» шешендік өнерді дамыту клубымен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының 7-10- сынып оқушылары арасында Аягөз аудандық білім бөліміне қарасты №10 гимназиясында 07 наурыз күні Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Сайыстың мақсаты: шешендік өнер арқылы оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау. Бұл байқауға Абай Құнанбайұлының тұстасы, артына өлмейтұғын сөз қалдырған, халық арасында қадірлі, аузы дуалы, орақ тілді Бегеш шешеннің ұрпақтары демеушілік жасады. Байқауға Жарма ауданының атынан мектебіміздің 8 «б» сынып оқушылары Фазымова Меңсұлу мен Зейнуллаева Шұғыла қатысып, белсене қатысқандары үшін 20000 теңгенің сертификатымен марапатталды. Жетекшісі А.С. Матанова. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшісін құттықтаймыз!

