30
декабрь
2023
Аудан әкімінің "Төрлет, жаңа жыл!" атты жаңа жылдық шыршасына мектебіміздің оқушылары қатысты.
2023 жылдың 28 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің "Төрлет, жаңа жыл!" атты жаңа жылдық шыршасына мектебімізден Отарбек Ақмарал, Тлеубай Тоғжан, Мырзахан Аружан, Амирсовет Жасұлан қатысты. Оқушыларымызға жаңа жылдық тәттілер салынған кулектер мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шара оқушыларымызға естен кетпес қуаныш пен жылылық сыйлады.

