«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақынның жүрекке жеткен өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерін орындау байқауы » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақынның жүрекке жеткен өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерін орындау байқауы
08
февраль
2023

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақынның жүрекке жеткен өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерін орындау байқауы

07.02.2023 жылы мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақынымыз Қазақ поэзиясының алыбы М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған  «Мен өмірді  жырлау үшін келгенмін» атты ақынның жүрекке  жеткен өлеңдерін мәнерлеп оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерін орындау байқауы жоғары дәрежеде өтті. Эстетикалық талғамдары биік, табиғи дарынды жас буындар шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Жыр додасы 2 кезеңнен тұрды: 
1.«Поэзия-жүрек тілі». Бұл кезеңде үміткерлер ақынның бір өлеңін  мәнерлеп жатқа оқудан өзара сынға түсті. Байқауда шығарманың көркем оқылуына,ойлылығы  мен тақырыптың ашылуына, оқу мәнеріне баға қойылды.
2 «Жырлайды жүрек» кезеңінде  үміткерлер ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін орындады. Ақын  әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген,  жанымызға жақын әндер шырқалды.
Сондай-ақ,көрермендер арасында «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» атты викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
     Мұзарт таудың мұзбалағы, қара өлеңнің Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығы арқылы жас буындар рухани-адамгершілік, патриоттық сенімдерін арттырды. Поэзияға жаны жақын, дарынды, талантты, ақын жанды, қабілетті оқушылар анықталып, бағалы сыйлықтар және мақтау грамоталарымен марапатталды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив