07
апрель
2025
"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
Оқушылардың математика пәніне деген қабілетін анықтау, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу, сондай-ақ педагогикалық және инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне мектебіміздің 11 сынып оқушысы Әлымбек Айбол қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Нұрсейіт Оразақынұлы.

