04
апрель
2024
9-11-сынып оқушыларымен "Семей жоғары көпсалалы колледжі" мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акбайталова Жанар Мухтаркановнамен кездесу өткізілді.
Сәуір айының 3 күні мектебімізде 9-11-сынып оқушыларымен "Семей жоғары көпсалалы колледжі" мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акбайталова Жанар Мухтаркановнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мамандықтың қиын да қызықты тұстары туралы баяндалып, тиімді жақтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарапынан кері байланыс жасалып, сұрақтар қойылды. Кездесу барысында ақпараттық буклеттер таратылды.









