15
март
2024
Наурыз айының 15 күні мектебімізде 9-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді
Наурыз айының 15 күні мектебімізде 9-11-сынып оқушыларымен Жаңғызтөбе кентінің 47007 әскери бөлімі бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қадылов Бекжан Бейбітбекұлымен және әскери қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында әскери мамандықтың қиын да қызықты тұстары баяндалып, әскери қызметтің тиімді жақтары түсіндіріліп өтті. Оқушылар тарапынан кері байланыс жасалып, сұрақтар қойылды. Сөз соңында Бекжан Бейбітұлы әскери мамандықты таңдау үшін адамның бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімінің болуы қажет екендігін айтып өтті



