30
январь
2020
Облыстық «Skills for geeks» чемпионатының аудандық байқауы өтті
2020 жылдың 30 қаңтарында Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені базасында облыстық «Skills for geeks» чемпионатының аудандық байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 10-16 жас аралығындағы оқушыларынан құралған командалық топ қатысты. Дарынды және ынталы оқушыларды анықтау, дамыту, қолдау, шығармашылық ортасын қалыптастыру мақсатында өткен байқауда «Сызық бойымен жүру» бағыты бойынша Сейтжанұлы Мерейбек ІІІ орын, «Сумо 10+» бағыты бойынша Оразбай Тасқын ІІІ орын, «Кегельринг» бағыты бойынша Арсенұлы Арнұр ІІІ орын, «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыты бойынша Шаяхметов Амирхан ІІІ орын иегерлері атанды. Сондай-ақ, байқауда ІТ жобалардың ішінен Сейтжанұлы Мерейбектің «Музыкалық қобдиша» атты жобасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.