«Ауғанның отты жалыны»
2018 жылы 15 ақпан күні мектебімізде Ауған соғысының 29 жыл толуына орай Жарма ауданы бойынша Ауған жерінде интернационалдық борыштарын өтеген жауынгер ардагер – ағалармен кездесу өткізілді. Кездесу мектеп түлегі Мұхтар Залелұлы Оспановтың Отан үшін жанын қиған ерлігін еске алып, ескерткішіне аза гүлдер қоюдан басталды.Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған интернационалист – жауынгерлерді Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.М. Ибраев, 47007 әскери бөлімінің командирі Базылжанов А.Н. құттықтап, мектеп оқушылары жалынды сәлемдерін ән – жырмен жеткізді. «Ерлік - саналы әскери тәрбиенің жемісі, өзіңді саналы түрде қауіп – қатерге бас тігуге мәжбүр етудің жемісі» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай , елге аман – сау оралған майдангер ағаларымызбен кездесуге жалғасты.Кездесуде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ұлтжанды оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, даңқты ерлік сабағы өткізілді.