09
март
2023
«Film genres around the world» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді.
Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жетілдіру мақсатында 2023 жылдың 24 ақпанында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М.Сарсембекова 7 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен «Дәрумендердің пайдасы» және 03 наурызда ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.А.Ғабитова 9 «А» сынып оқушыларымен «Film genres around the world» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушылардың өз бетімен ізденуіне, пікір еркіндігіне, тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеру жұмыстарына баса назар аударылды. Сынып оқушылары сабақта өте белсенділік танытып, өз шығармашылықтарын шыңдай білді. Мұндай сабақтар оқушының, мұғалімнің өзін-өзі дамытуына жағдай жасап, білім беруді жан-жақты жүзеге асыруға септігін тигізері сөзсіз.









