05
февраль
2023
Мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинованың ұйымдастыруымен сыныптар арасында "Достық және сенім" тақырыбында тренинг-сабақтар өткізілді.
Мектеп психологтары И.К.Садвакасова мен М.Ж.Жолғазинованың ұйымдастыруымен сыныптар арасында "Достық және сенім" тақырыбында тренинг-сабақтар өткізілді. Мұнда бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу мақсатында "Лабиринт" жаттығуы, бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында "Сенім күйі" жаттығуы, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін "Табан" ойыны, бір-бірінің ойын жалғастыра білу, қиялдарын дамыту мақсатында "Жіптегі сурет" жаттығуы және "Мені қайталап көр!", "Кім екенімді тап!" ойындары ұйымдастырылды.
Балалар белсенділікпен қатысып, алған әсерлерімен бөлісті.


