05
февраль
2019
«Отбасындағы бейбітшілік пен сенім»
КММ «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында» өзін –өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті. Аталған онкүндік таныстырумен ашылып, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдермен жалғасын тапты. «Отбасындағы бейбітшілік пен сенім» тақырыбында Рахимбаева Кенжеш Мукановнаның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылығы, отбасы әдебі, отбасы ішіндегі құрмет пен сыйластық, салт-дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен бірге 11 сынып оқушылары арасында Берсугирова Алмагуль Жумагазиновна ата-ана қүндылығы, ата-ананы қадірлеу, қамқорлық көрсетуді насихаттау мақсатында «Ана махаббаты мен бала махаббаты» тақырыбында эссе жұмыстарын алды. Аталған шараның қорытындысында «Менің алтын тұғырым» атты фото-көрме ұйымдастырылды.

