22
март
2024
22 наурыз ауданымыздың орталық алаңында Наурыз мерекесі тойланды
Бүгін, 22 наурыз ауданымыздың орталық алаңында Наурыз мерекесі тойланды. Аудан тұрғындары отбасыларымен алаңға келіп, күн мен түннің теңелген, көктемнің басты мерекесін атап өтті. Аудан әкімі тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл күн береке мен бірліктің, мейірімділік пен өзара сыйластықтың қасиетті мерекесі екенін атап өтті. Басты мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, лоторея билеттері ойнатылып, белгіленген орындардың бәрінде алтыбақан, ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер орнатылып, келген жұртқа дәстүрлі тағамдар – бауырсақ пен наурызкөже таратылды. Аталмыш мерекеде біздің мектебіміз де қалыс қалмады. Мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ұстаздары қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салу» рәсімін көрермендер назарына ұсынды. Сондай-ақ, киіз үйдің ішіне «Асыл мұра» көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде ауданымыздан шыққан танымал тұлғалардың қолөнер бұйымдары мен жәдігерлері қойылды. Мереке концерттік бағдарламамен ұласты. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

















