01
сентябрь
2023
Құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды заттарға жол бермеу, көлік қозғалысы, түнгі уақытта көшелерде жүрмеу жайлы профилактикалық әңгіме жүргізді.
"Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы " КММ-де 2023 жылдың 1 қыркүйек күні Жарма АПБ ТБ тергеу бөлімінің полиция капитаны Е.М. Қонақбаев 10-11 сынып оқушыларымен буллинг, құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды заттарға жол бермеу, көлік қозғалысы, түнгі уақытта көшелерде жүрмеу жайлы профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, полиция қызметкерлері тарапынан оң жауаптарын ала алды.