15
март
2023
Қазақ халқының салт-дәстүрін, дәмді дастарханын, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын, үйлесімділігін көрсету мақсатында "Ұлттық киім мен өнер-ұрпаққа аманат" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесі - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, дәмді дастарханын, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын, үйлесімділігін көрсету мақсатында "Ұлттық киім мен өнер-ұрпаққа аманат" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мереке қарсаңында үлкен-кішінің барлығы бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтты. Ырыс пен молшылықтың мейрамына арналған дастархан жайылып, бауырсақтың түр-түрі ұсынылып, жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалды. Халыққа жылулық сыйлайтын көктемнің шырайлы күні оқушылар ұлттық киім көрмесін тамашалап, ұлттық ойындар ойнап, ұлттық дәмнен ауыс тиіп, жолы үлкен апаларымыздың батасын алды.











