«Жас жол инспектор сайысы»
Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру, оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту және өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында 14 сәуір күні мектепшілік «Жас жол инспектор сайысы» өтті.
Сайыс 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сайыс бірнеше кезеңге бөлініп өткізілді.
1 кезең: саптық жүріс (Саптық ән, эмблема, форма)
2 кезең: «Ереже білгіштері». (Жол қозғалысының ережелері)
3 кезең: «реттеуші сигналдары мен ережелері».
4 кезең: «Жас санитар».
Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды 7 «А» сыныбының «Жас ұлан» тобы иеленсе, ІІ орынды 7 «Ә» сыныбының "Жас қыран" тобы, ал ІІІ орынды 5 «Ә» сыныбының «Жас сақшы» тобы иеленді.
Сайысқа мектебіміздің машинатану пәні мұғалімі Аманов Серікқан Советханұлы жетекшілік етті.
1 кезең: саптық жүріс (Саптық ән, эмблема, форма)
2 кезең: «Ереже білгіштері». (Жол қозғалысының ережелері)
3 кезең: «реттеуші сигналдары мен ережелері».
4 кезең: «Жас санитар».