Тұңғыш президент күніне арналған «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған апталық » "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 4765695
Есепші бөлімі:
+7(723) 4765694
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұңғыш президент күніне арналған «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған апталық
29
ноябрь
2019

Тұңғыш президент күніне арналған «Замануи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған апталық

Тұңғыш президент күнін атап өту «Тұңғыш президент» Елбасының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырумен басталды. Көрме ұйымдастыруға жауапты «Мәңгілік ел» оқу – тәрбие орталығының жетекшісі М.Е.Асылбекова мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының тәлімгер А.Қ. Агибаева Елбасының фотосурттерінен және Нұр – сұлтан қаласының әсем ғимараттарынан көрме ұйымдастырды.

Тұңғыш президент күніне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиыны өтті. Мектебіміздің оқу озаттары мен белсенді оқушылары «Жас ұлан» мен «Жас қыран» қатарына қабылданды.

«Әлем мойындаған көшбасшылық», «Елбасының дара жолы», «Н.Назарбаевтың қайырымдылық қадамдары», «Елбасы және  «Қамқорлық» жобасы», «Н.Назарбаев. Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Евразия жүрегіндегі қала», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Қазақстан және ЭКСПО», ««Тілдердің үш тұғырлығы» - өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілікті асқату туралы бастамалары», «Н.Назарбаев. діни жанжалдарды реттеу жөніндегі қызмет», «Н.Ә.Назарбаев. Семей ядролық полигоны», «Ел ертеңін ойлаған Елбасы», «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақалдары» тақырыптарында сынып жетекшілері жекелей сынып сағаттарын өткізді. 

29.11.2019 күні «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын 1 – 8 сыныптар өткізсе, 9-11 сыныптар 9 «ә» сыныбының сынып жетекшісі Н.Ерболатқызының ұйымдастыруымен кездесу өткізді. Кездесуге Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Н.Оспанбекұлы келіп қонақ ретінде қатысты.

Кездесу білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыруды және білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етті. Кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы туралы дайындалған бейнематериалдар мен слайд-презентацияда оқушылар үшін өте құнды мәліметтер берілді. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарынан шағын көрме ұйымдастырып, үлестірмелі материалдар арқылы аудиториямен жағымды сұхбат өрбіді.   Оқушы шығармашылығына да мән беріліп, 9 «Ә» сынып оқушысы Қабылбек Балдырғанның «Елбасы – ел тірегі» атты шағын эссесі қатысушылардың назарына ұсынылды. Бір сөзбен айтқанда алдына қойған мақсат-міндеттері орындалған, тағылымы мол, тәрбиесі терең кездесу болды.













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив