12
декабрь
2018
«Жас Ұлан» - жарқын күнге жол ашады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-сінде 2018 жылдың 12 желтоқсанында біріңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті. Қабылданған оқушылардың жалпы саны 30 оқушыны құрады, оның ішінде «Жас Ұлан» құрамына-11, «Жас Қыран» құрамына 19 оқушы мүшелікке қабылданды.
Ұйымға қабылданған оқушыларға төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсімі мектебіміздің ардақты ұстаздарына табыс етілді.
«Жас қырандықтар» мен «жас ұландықтар» ант беріп, ұйымның толық құқықты мүшесі болды. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қабылдау салтанаты мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық.