20
июнь
2022
Жарма АПБ ЖПҚБ КТІБ аға инспекторы полиция майоры А.Акимбаева, КТІБ УПИ полиция аға лейтенанты А.Акатов, КПБ жедел уәкілі полиция капитаны С. Көкеевтің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы өтті
"Балалар жылы" аясында 20 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса» лагері өз жұмысын таңғы жаттығудан бастап, арықарай қызықты іс-шаралармен жалғасты. Жарма АПБ ЖПҚБ КТІБ аға инспекторы полиция майоры А.Акимбаева, КТІБ УПИ полиция аға лейтенанты А.Акатов, КПБ жедел уәкілі полиция капитаны С. Көкеевтің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы өтті. Іс-шара барысында спорттық үйірме жетекшілері Қ.А.Майчикенов пен А.А. Мубараков үйымдастырған «Бой жазайық, кел, ойнайық!» жарысына балалар белсенді қатысты. Нәтижесінде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барлық қатысқан балаларға сыйлықтарын таратты.
Сонымен қатар «Робототехника әлемінде» атты үйірмесі жұмысын жалғастырды. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Үйірме жетекшісі Нурмухаметова Г.Ғ. «Датчиктер» тақырыбында қызықты іс-шара өткізді. Балалар роботтардың үлгілерін әзірлеп, оларды жасау техникасын бағдарламалауды және робот құрастыруды үйренді.



