27
ноябрь
2018
«Ақ шағала» облыстық фестиваль-байқауы
Өскемен қаласында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі базасында «Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль - байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру. Мектебіміздің музыкалық жетекші Кокашева Гүлдана Айтқалиқызының жетекшілігімен «Іңкәр» бишілер тобы қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды.