13
октябрь
2018
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол»
ҚР білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған "ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол”тақырыбында республикалық бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ата-аналар конференциясы өткізілді.Конференцияның басталуында мектеп – гимназия директоры құттықтау сөзін айттып, ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндек xатын тыңдауды ұсынды. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын мәселелерге бағдарланған бағдарламамен мектеп псиxологі Садвакасова Индира Қайратқызы таныстырды.Слайд көрсетілімінен ата-аналарға көптеген психологиялық кеңестер мен ұсыныстар ұсынылды. Тақырып аясында бейнефильмдер тамашалап, ата-аналар көп ақпарат алып, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналардан тақырыпқа сай сұрақтары бар сауалнама алынды. Конференция соңында ата-аналарға ұсыныс ретінде жадынамалар таратылды.